- Әрине болады, егер сіз 1 семестрдің сессиясын толығымен тапсырсаңыз!

Басқа университетке ауысу немесе қайта келу процесі демалыс кезінде рәсімделеді, құжаттарды 20 қаңтарға дейін беруге болады.

Ол үшін не істеу керек ?

- ауысу жөнінде өтінішті сіз қазір оқып жатқан ЖОО ректорының атына жазасыз, өтініште ЖОО-ның мөрі болуы тиіс;

  • Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректорының атына еркін түрде өтініш жазып, өзіңіз оқыған университетті, мамандықты, курсты және мұнда қай мамандыққа ауысқыңыз келетінін көрсетесіз. Өтінішті деканның, тіркеу офисінің басшысының, Академиялық қызмет жөніндегі басқарма басшысының, ОӘЖ жөніндегі проректордың визаларымен - студенттерге қызмет көрсету орталығы арқылы бересіз;
  • оқыған пәндер мен бағалары көрсетілген транскрипт;
  • аттестаттың және бағалар көрсетілген қосымшаның көшірмелері;
  • ҰБТ сертификатының көшірмесі;
  • грант иегері куәлігінің көшірмесі (бар болса);
  • жеке куәліктің көшірмесі.

Құжаттардың түпнұсқалары біздің сұрауымыз бойынша Сіздің университетіңізден жіберіледі.

ШҚТУ-ға грантпен ауысуға бола ма?

- иә болады, сіз сол оқып жатқан білім беру бағдарламасына білім беру грантын сақтай отырып ауыса аласыз (егер бұл мақсатты грант болмаса), немесе білім беру бағдарламалар тобының аясындағы басқа бағдарламаға (топ грант куәлігінде жазылған) ауысуға болады.

Сондай-ақ, басқа ЖОО- да өткен пәндер бойынша баға С- (60 балл) төмен болмаса, міндетті түрде қайта есептелетін болады.