2021 жылдың 5-ші қантарынан бастап 18-ші қантарға дейін Студенттерге қызмет көрсету орталығы жеке кабинет арқылы оқыту барысында босатылған бакалавриат және магистратураға арналған бос білім гранттарын тағайындауға онлайн өтінімдер қабылдай бастайды.

Конкурсқа қатысу үшін білім алушылар шарт негізінде келесі құжаттарды тіркеуі қажет:

  • конкурсқа қатысу туралы ректордың атына өтініш (өтініш нысаны өтінім берген кезде қол жетімді болады);
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • студенттердің құжаттарына транскриптер Студенттерге қызмет көрсету орталығы ұсынады.

Бос гранттар тізімі университет порталында, «Білім алушыға» ® Босатылған білім грантарын ауыстыру туралы бөлімде орналастырылған (сілтеме: https://www.do.ektu.kz/doektu/files/grant24.12.20.pdf).

Бос гранттар беру конкурсына барлық оқу кезеңінде академиялық қарыздары жоқ білім алушылар қатыса алады.

Конкурс үлгерімнің аралық аттестаттау  негізінде GPA орташа балы нәтижелері бойынша өткізіледі. Үлгерімнің орташа балының GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- ("өте жақсы"), содан кейін – А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В -, С+ ("жақсы") дейінгі бағалары, бұдан әрі – оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.