Осыдан екі жыл бұрын «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ пен Allur автомобиль компаниясы дуалды оқыту бағдарламасын сәтті жүзеге асырып келеді.

Халықаралық инженерия мектебінің көлік және механикаға байланысты бағдарламалары бойынша оқитын 15 студент Allur зауытында тәжірибеден өтуді бастады. Студенттер өз білімдерін нақты жағдайда қолданып, бірден өндірістік процеске араласады.

Кәсіпорын қызметкерлеріне алғыс айтамыз, олар біздің студенттер үшін барлық жағдайды жасады:

  • жайлы тұру: студенттерді зауытқа жақын жаңа жатақханаға орналастырды;
  • жылдам жұмысқа қабылдау: HR бөлімі барлық рәсімдерді барынша жеделдетті;
  • кауіпсіздік және қолдау: толық нұсқаулық өткізіліп, тәлімгерлермен таныстырылды;
  • үздіксіз оқу: сабақтарды Allur-дың корпоративтік университетінде жұмыс істеп жүрген мамандар жүргізуде.

Екінші күннің өзінде біздің студенттер зауыттың жас әрі тату ұжымының толыққанды мүшесіне айналды. Мұндай атмосфера жаңа қала мен жаңа жұмысқа бейімделуді жеңілдетеді!

Біз серіктестігімізді мақтан тұтамыз! Студенттерге жемісті тәжірибе мен жарқын кәсіби жетістіктер тілейміз!