12 қазан күні С. Нұрмағамбетов атындағы саябақта ҚР Әскери теңіз күштері қатарына күзгі шақырылыммен аттанған отанқорғаушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шара Ұлы Жеңістің 77 жылдығына және ҚР Қарулы күштерінің қалануына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Болашақ теңізшілерді шығарып салуға ата-аналар мен туған туысқандар ғана емес, облыстық және қалалық әкімдік, ШҚО Қорғаныс істері бойынша Департамент өкілдері, мектеп оқушылары мен әскери патриоттық клуб тәрбиеленушілері, студенттер және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасының ұстаздары қатысты.
Жедел әскери қызмет тек қару пайдалануды ғана емес, дене және рухани қуатты арттырады.
Болашақ теңізшілер Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Іс-шара әскери әндер концертімен аяқталды.