Бүгін университетімізде ЖОО басшылығы мен «Kazmintech Engineering» ЖШС өкілдері кезесті.
«Kazmintech Engineering» компаиясы 2004 жылы Шығыс Қазақстанның ірі тау-кен металлургия кәсіпорындарының жобалау-конструкторлық бюроларының базасында құрылған. Жас компания болса да, ұйымның өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалауда 90 жылдық тәжірибесі бар.
Құрылыс және жер қойнауын пайдалануда компания тау-кен өндіру және өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық регламент сатысынан бастап құрылыс және саласындағы барлық қажетті жобалау құжаттамасына дейін қамтамасыз етеді.
Қазір компанияның Өскемен, Риддер, Алтай және Павлодар қалаларында филиалдары бар.
«Kazmintech Engineering» ЖШС өкілдері Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ материалдық-техникалық базасымен танысты: Су шаруашылығы және суды пайдалану саласындағы Құзіреттілік және технологиялар трансфері орталығы, "Прототиптеу және Материалдарды өңдеу" ғылыми-өндірістік кешені, Құрылыс және құрылыс технологиялары саласындағы құзыреттер орталығы, "Киберспорт және білім беруді геймификациялау және Виртуалды және қосалқы кеңістік" оқу зертханасы, "Алтын Алтай"мұражайында болды.
Университетті Басқарма мүшесі - ғылыми-зерттеу қызметі және цифрландыру жөніндегі проректор-Денисова Наталья Федоровна таныстырды. Құттықтау сөзін жеткізіп, ШҚТУ қызметі туралы ашып айтты.
Сәулет және құрылыс мектебінің деканы Алдунгарова Әлия Қайратқызы қонақтарды студенттерді даярлау бағдарламаларымен және өз саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысындағы жетістіктермен таныстырды.
Базалық инженерлік даярлық факультетінің деканы Рахметуллина Жеңісгүл Төлеуханқызы «Инженерлік білім жетекшісі» жобасы туралы баяндады.
Кездесу салтанатты түрде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюмен аяқталды.