2025 жылғы 18 ақпанда ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті Шығыс-Қазақстан облысының үш жетекші жоғары оқу орындарының студенттері үшін "Ашық есік күнін" өткізді.
Іс-шара барысында студенттерге қаржылық мониторинг бойынша қызметтің міндеттері мен негізгі бағыттарын, құқық қорғау органдары академиясына түсу қағидаларын және жұмысқа орналасу шарттары туралы айтты.
"Заң және тәртіп" идеологиясы аясында студенттерге Заңдарды сақтаудың маңыздылығы, қаржылық сауаттылықты арттыру, ойластырылмаған іс-әрекеттердің салдары, экономикалық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы түсіндірілді.
Кездесуде арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді, "АФМ Insider", "Baiga Piramida" бот жеделхаттарының жұмыс тәртібі түсіндірілді.