Жыл бойы ШҚТУ "3,2,1, старт!» пластикті жинау бойынша республикалық жобасында қатысты. Жобаның аяқталуы да жақындап қалды. Өткен жылы жобаны қолдау үшін көптеген түрлі іс-шаралар өткізілді: экобокстарды орнату, сенбіліктер, сынып сағаттары, оқу роликтерін түсіру. Осының бәрінде университеттің экоклубтары белсенді қатысты.

Өскемен қаласында жоба аясында ШҚТУ серіктесі "ЭкоВостокЛидер" компаниясы болды. Компания әртүрлі пластик, макулатура, биг-бэгтер, полимерлі пленка сияқты қайталама шикізатты жинауға, сұрыптауға және өңдеуге мамандандырылған. ЭкоВостокЛидер-Шығыс Қазақстан облысының осы саладағы көшбасшысы. Қайта өңдеу бүкіл аймақ бойынша жүреді.

ЭкоВостокЛидер жобаның бүкіл кезеңінде университет жинаған пластикті қабылдады. "Клевер" экоклубының активі үшін қайта өңделетін шикізаттың кезекті партиясын әкетумен компания өз базасына экскурсия өткізді. Мұнда студенттер компанияның әсерлі жұмыс ауқымын көре алды. Ең бастысы, жиналған барлық шикізат қайта өңдеуге жіберілетініне көз жеткізу еді. Бұл дегеніміз, қоршаған ортада пластикалық қалдықтардың азаюы.

Экскурсиядан кейін "Клевер" экоклубының мүшелері студенттерді пластикті пайдалануды азайтуға және оны бөлек жинауға қосуға шақыратын түсіндірме фотосуреттерінің сериясын жасады.

Сондай-ақ, жобаны қорғауға дайындық аясында "Клевер" экоклубының активі ШҚТУ-дың электрондық қалдықтарды қайта өңдеу учаскесіне барды. Бұл учаскеде ұйымдастыру техникасын бөлшектегеннен кейін пластикті сұрыптау және оны ұсақтау жүзеге асады. Студенттер шағын цехтың жұмысымен танысып, қызметкерге көптеген сұрақтар қойды. Болашақта студенттер алған білімдерін университетте қалдықтарды, оның ішінде пластик қалдықтарды бөлек жинау мәселелері бойынша білімін нығайту үшін пайдаланатын болады.