Қазақстан мен Польша арасындағы ғылыми және білім беру байланыстарының нығаюы аясында, Шығыс Қазақстан техникалық университетінің қызметкерлері Польша, Краков қаласындағы AGH университетінің профессорларына ерекше экскурсия ұйымдастырды.

Қазақстанның ірі тау-кен компанияларының бірі – ЖШС «KAZZINC» компаниясының Риддер кен-байыту кешені Долинный кенішіне жасалды. Делегация құрамында Польша университетінің ғалымдарынан құралған делегацияның құрамында жоғары білімді, тәжірибелі мамандар болды. Олардың қатарында университеттің профессорлары мен докторлары – Радослав Помыкаła, Паавел Богач, Маче Заянчиковский, Пётр Мальковский, сондай-ақ университеттің Қазақстандағы білім беру байланысты үйлестірушісі Яцек Цеслик бар. Сонымен қатар, ШҚТУ атынан Нуршайыкова Гульнур ШҚТУ Жер туралы ғылымдар мектебінің ассоцияланған профессоры және Трофименко Светлана ШҚТУ Карьера орталығының директоры қатысты.

Экскурсияның мақсаты – Польша университетінің ғалымдарына Қазақстандағы тау-кен өндірісі мен оның дамуы, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі компаниялармен ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат беру болды.

Долинный руднигі Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің көшбасшысы болып табылатын ««KAZZINC» компаниясына қарасты ірі жер асты руднигі болып саналады.

Экскурсия барысында делегация мүшелері рудник жұмысымен танысып, жер асты жұмыстарын жүргізу әдістері мен жаңа технологияларды қолдану тәсілдері жөнінде ақпарат алды. Сондай-ақ, тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экологиялық нормаларды сақтау сияқты маңызды аспектілер бойынша тәжірибе алмасты.

Бұл шара ШҚТУ мен AGH университеті арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға және екі елдің тау-кен саласы бойынша білім беру мен зерттеу жұмыстарын дамытуға үлкен мүмкіндік берді. Польша университетінің ғалымдары өздерінің тәжірибелері мен білімдерін Қазақстанның тау-кен өндірісі саласымен бөлісіп, осы салада алдағы уақытта ынтымақтастықтың жаңа жолдарын қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.

ШҚТУ қызметкерлері мен университеттің ғылыми жетекшілері бұл іс-шараның маңыздылығын ерекше атап өтіп, Қазақстан мен Польша арасындағы білім беру және ғылыми байланысты одан әрі дамыту үшін күш-жігерін аямайтындығын жеткізді.