Өндірістік технологиялық процестердің күрделілігі және қазіргі заманғы өнеркәсіптік өндірісте жоғары дәлдіктегі машина жасау жабдықтарын пайдалануы жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлауды талап етеді.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Халықаралық инженерлік мектебінде болашақ маманның құзыреттілігін қалыптастыру жұмыс істеп тұрған өндірістерден курстық жобаларды орындай отырып, арнайы пәндерді зерделеуді және өндірістік сонымен қатар, диплом алдындағы тәжірибелерді ұйымдастыруды қамтитын тәжірибеге бағытталған дайындық процесінде жүзеге асырылады.

"Механика және металл өңдеу" Білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін ұйымдастырылған экскурсия барысында "Өскемен арматура зауыты" АҚ кәсіпорынның жетекші мамандары аталған мамандық студенттерін зауыттың барлық учаскелерінде мұнай-газ саласы үшін құбыр арматурасын дайындаудың технологиялық үрдісімен таныстырды. Жоғары технологиялық және автоматтандырылған жабдықтардың операторлары сандық басқарылатын станоктарды баптау мен басқаруды көрсетті. Өнім сапасын бұзбай және бұзу әдісіменен бақылаудың Орталық зауыттық зертханасымен танысу болашақ мамандардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Университеттегі теориялық оқытуды зауыттың өндірістік үрдістері туралы практикалық біліммен толықтыру кадрларды инженерлік даярлау сапасын едәуір арттырады.

Өндірістік тәжірибеге баса назар аудара отырып, тәжірибеге бағытталған білім машина жасау саласындағы болашақ мамандардың жетістіктерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Халықаралық инженерия мектебінің профессор-оқытушылар құрамы экскурсия ұйымдастырғаны үшін "Өскемен арматура зауыты" АҚ басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын білдіреді.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ
ХИМ қауымдастырылған профессоры Қ. Қ. Комбаев