Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да облыстық көпсалалы "Онкология және хирургия орталығының" қызметкерлерімен онкологиялық аурулардың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өтті.

Іс-шара Халықаралық онкологиялық аурулармен күрес күні аясында ұйымдастырылды.

Кездесу аясында орталық қызметкерлері университет оқытушылары мен студенттерімен онкологиялық аурулардың алдын алу туралы өз тәжірибелерімен бөлісіп, тұрақты медициналық тексерулердің маңыздылығы, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты және онкологияның алдын алудың басқа жолдары туралы айтып өтті.

Орталық қызметкерлері қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Күдікті белгілер пайда болған кезде дәрігерге уақтылы қаралудың маңыздылын еске салды.