Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне Германияның SeniorExpertenService (SES) бағдарламасының сарапшысы MagdalenaWald-Dasey келді. Сапар аясында ол Тілдер құзіреттілік орталығының қызметкерлеріне арналған бірқатар оқыту семинарлары мен практикалық сабақтар өткізді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты: ағылшын тілі оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқыту әдістемелерін жетілдіру және заманауи білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізу.

Семинарлар барысында тілдік білім берудің келесі негізгі бағыттары қарастырылды:

Ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістері және студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамыту,оқыту және білімді бағалау үдерісінде жасанды интеллектті қолдану, жасанды интеллект технологиялары мен CLIL әдістемесін біріктіру,интерактивті оқу материалдары мен практикалық тапсырмаларды әзірлеу,сабақтарды бақылау, талдау және тәжірибе алмасу арқылы оқытушылардың кәсіби дағдыларын жетілдіру.

Семинарлар өткізумен қатар, Magdalena Wald-Dasey Тілдер құзіреттілік орталығы оқытушыларының сабақтарына қатысып, қолданылатын оқыту әдістерімен танысты және білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын білдірді.

Университеттегі сапары аясында Magdalena Wald-Dasey CDIOAsianRegionalMeeting халықаралық іс-шарасына да қатысты. Бұл оған университеттің инженерлік білім беру саласындағы халықаралық бастамаларымен танысуға және академиялық қауымдастық өкілдерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Сапардың мәдени бөлігі де маңызды орын алды. Сарапшы Қазақстанның салт-дәстүрімен, мәдениетімен және ұлттық мұрасымен танысып, мәдениетаралық өзара түсіністік пен халықаралық диалогтың нығаюына үлес қосты.

Бағдарлама соңында өткізілген семинарлар мен сабақтарды бақылау нәтижелері бойынша қорытынды талқылау ұйымдастырылды. Қатысушылар пікір алмасып, алған әсерлерімен бөлісті және бірлескен жұмыстың нәтижелерін қорытындылады.

Magdalena Wald-Dasey сапары ШҚТУ Тілдер құзіреттілік орталығының қызметкерлері үшін құнды тәжірибе болды. Ол оқытушылардың кәсіби дамуына, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге, сондай-ақ халықаралық академиялық және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етті.