Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының 2015 жылы мамандар даярлау деңгейі мен бағыттары жөніндегі тәуелсіз рейтингін ұсынды. Ол «Казахстанская правда» газетінде 2 маусымда жарияланды.

Аккредитациялық кеңестің төрайымы, Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігінің ғылыми консультанты, филология ғылымының докторы Римма Сейдахметова айтқандай, саралау төрт индикатор бойынша жүргізілді - «Талантты студенттердің, оқытушылар мен зерттеушілердің шоғырлануы», «Академиялық ұтқырлық», «Түлектердің бәсекеге қабілеттілігі», «Мамандық оқытушыларының, магистранттардың, докторанттардың ғылыми жарияланымдарының бәсекеге қабілеттілігі».

Биыл Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті бакалавриаттың он екі, магистратураның тоғыз, докторантураның екі білім беру бағдарламасы көшбасшылар тобына енді. ШҚМТУ Қазақстандағы 40 таңдаулы жоғары оқу орындары арасында сегізінші орын алып, аймақтың жетекші университеті атанып отыр.