«ШҚМТУ-2015 мамандар жәрмеңкесі» 2015 жылдың 18 наурызда сағат 10.00 Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі 19, ШҚМТУ-ң бас ғимараты, 1 қабат, колонналы зал мекен жайында өтеді.

Сіздерге түлектермен жеке және топтық сұхбат өткізу үшін жұмыс орны беріледі. Сіздер 2015 жылдың озат түлектері туралы толық мәлімет ала аласыздар. Жарнамалық проспектілерді, стендтерді, кәсіпорын логотипін қоюға, кәсіпорыныңыздың қызметі, еңбек жағдайлары мен еңбек ақы туралы, мамандық бойынша бос орындар саны туралы ақпаратты ұсынуларыңызға болады.

Университет туралы ақпаратты www.ektu.kz сайтынан аласыз және 2015 жылдың 1 наурызынан бастап On-line тіркелуден өте аласыз.

«ШҚМТУ-2015 мамандар жәрмеңкесінiң» өткiзiлу бағдарламасы

Анықтама телефоны 8 (7232) 540-141, +77715480244