Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының көшпелі мәжілісі өтті. Оған университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жақсыкелді Нәзбиев, Өскемен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иван Губарев, ШҚМТУ ардагерлері бастауыш ұйымының төрайымы Любовь Сергиенко, калалық ардагерлер кеңесі президиумының және университет ардагерлері бастауыш ұйымының мүшелері қатысты.

Өз сөзінде Л.Сергиенко ЖОО ардагерлері бастауыш ұйымының міндеттері мен қызметі, Ұлы жеңістің 70 жылдығына әзірлік туралы айтып берді.

Қаланың ардагерлер кеңесі мәдени-бұқаралық және спорт комиссиясының төрайымы Р.Зотова Ұлы жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне ардагерлердің бастауыш ұйымдарының көркемөнерпаздар ұжымдарының әзірлігі мен өткізу жоспары жайлы баяндады.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Губарев 2015 жылы ардагерлер ұйымдарында есеп беру-сайлау науқаны өтетіні жайлы хабарлама жасады.