Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың Ғылыми кеңесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі бастамасы қызу қолдау тапты.
Университет ректоры атқарушы Нұрлан Темірбеков, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Л.Краснобаева, «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Р.К.Айдарбаева сөз сөйлеп, сайлаудың мерзімінен бұрын өткізілуінің маңыздылығына тоқталды.
ЖОО студенттері атынан Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы С.Р.Байгереев, машина жасау және көлік факультетінің бірінші курс студенті А.Серая өз ойларын ортаға салды.
Университет ұжымы бірауыздан Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің аталмыш ұсынысына қолдау білдірді.