ҚР Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ҚХА бастамасын қолдау аясында, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Бобровка ауылында «Шаңғы - 2015» жыл сайынғы дәстүрлі жарыс болып өтті. Оған университет ректоры Нұрлан Темірбековтің басшылығымен университеттің профессорлық – оқытушылық құрамы және қызметкерлері қатысты.

Жарыс ерлер үшін 1500 метр және әйелдер үшін 800 метр қашықтықта өтті. Қорытынды бойынша ерлер арасында Александр Парамзин (АТЭФ) бірінші орынды иемденді, ал екінші орынды Святослав Семенов (МЖКФ), үшінші орынды – Жұмаш Ғабдуллин (ПШБ) алды. Әйелдер арасында жеке біріншілікте бірінші орын Алмагүл Абдығалиеваға (ТКМФ) берілді, екінші орынды Наталья Денисова (АТЭФ), ал үшінші орынды Светлана Овсяник (Әскери кафедра) жеңіп алды.

«Спортқа берілгендігі үшін» номинациясы бойынша «ӨҚжҚОҚ» кафедрасының оқу зертханасының меңгерушісі Дәурен Байғазинов ерекше аталды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздары және естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Шаңғы - 2015» - біздің ұжымның бірегей салауатты рухының үздік үлгісі! Біз студент жастарды салауатты өмір салтына баулып, оларға спортпен шұғылданғанның маңыздылығын үлгі ретінде көрсеттік.

Индира Сағынғанова,
СҚФ деканының орынбасары