Шығыс Қазақстан облысын тұрақты дамыту үшін жұмыс орны және энергия тиімділігінің  қауіпсіздік техникасын оқыту бойынша AES и GIZ бірлескен жобасының аясында «Өнеркәсіптік және коммуналдық нысандардың энергия басқару және энергия аудиті» тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренинг Украинадан шақырылған сарапшы, Украина Ұлттық техникалық университетінің энергия үнемдеу және энергия менеджмент институты кафедрасының доценті Анатолий Владимир Черняковскиймен өткізілді.

Тренингке қатысушылар Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің және Өскемен қаласы Политехникалық колледжінің  оқытушылары, сондай-ақ, Қазақстандағы AES компаниясы тобының қызметкерлері және де энергетикалық басқару және энергия тиімділігінің мәселелері үшін жауаптылар қатысты

Тренинг по энергоэффективности Тренинг по энергоэффективности

Тренинг аясында келесі тақырыптар қамтылды:

  • Энергия менеджменті жүйесінің тұжырымдамасы;
  • Энергия менджменті жүйесіне  ISO 50000 сериясының халықаралық стандартына шолу;
  • Энергия менеджменті компаниясының жүйесін тарату саласы мен қамту шекарасы;
  •  Компаниядағы энергетикалық жоспарлау: ISO 50006 стандартына сәйкес энергия тиімділігі компаниясының жоспарлы және нақты көрсеткіштері;
  • Энергетикалық аудит және энергия менеджменті жүйесіндегі оның рөлі;
  • Отын-энергетика ресурстарын тұтыну балансы және оның тағайындалуы, жіктелуі және құрылымы;
  • Өнеркәсіптік және коммуналдық нысандар үшін энергетикалық баланстарды құрайтын жекелеген  құрамдас бөліктерін анықтау ерекшеліктері;
  • Компаниядағы энергия тұтыну мониторингісі мен есеп жүйесі. Энергия аудитін аспаппен қамтамасыз ету. Өлшеу және өлшеу бағдарламасының әдістері.
  • Компанияның және ғимараттың энергетикалық төлқұжаты. Энергия үнемдеу бенчмаркингі. Қолда бар ең үздік технологиялар мен ең үздік практикалық технологиялар. Энергия үнемдеу әлеуетін анықтау;
  • ТЭР тұтыну жүйесі мен элементтеріндегі типтік энергия үнемдеу жобалары олардың  ISO 50015 стандартына сәйкес өлшеу мен мониторинг.

А.В.Черняковский теориялық материалдардан басқа қатысушылар есеп жұмыстарын жүргізе алатын, практикада алған білімдерін қолдана алып, графика құра алу үшін компьютерлік сыныпта практикалық сабақтар өткізді. 

Тренинг аяқталған соң барлық қатысушылар тестілеуден өтіп, өздеріне тиесілі сертификаттарын алды.