Бизнес мектебі, «ҚТ ж ӘСП» кафедрасындағы «Өзіңді таны» атты психологиялық клубында 2-ші курс студенттерінің қатысуымен «Психологиядағы ерік түсінігі. Адамның ерік қасиеттері және оларды дамыту» тақырыбында дебат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: клуб мүшелерінің рухани болмыстарын ояту, өздерінің ерік қасиеттерін түсіну, оң қасиеттерді дамыту негізі ретінде өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін қалыптастыру.
Ерік адамға табиғи түрде берілмейді, ол тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу процесінде, өзімен күресте қалыптасады. Ал өзін жеңген адам әлемді жеңеді. Ерік күшінің маңыздылығы мақсатқа жетуге ұмтылу, қиындықтар мен кедергілерді жеңуге мүмкіндік жасау. Дебат барысында студенттер ерік күші ұғымы, оның өмірдің барлық салаларына қалай әсер ететіні және әртүрлі мақсаттарға жетуге көмектесетіні талқыланды және ерік қасиеттерін дамыту қаншалықты маңызды екенін және оларды қалай дамытуға болатыны туралы ұсыныстар алды.
Іс-шара клуб жетекшісінің ұйымдастыруымен өткізілді. Пікірталас өте қызықты өтті, екі тарап та сенімді дәлелдер келтірді. Іс-шара соңында қатысушылар қорытынды жасады: дамыған ерік-жігер олардың армандары мен тілектерін орындауға, мақсаттарына жетуге кедергі келтіретін барлық жаман әдеттерден арылуға көмектеседі.