Жыл сайын Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да ұйымдастырылатын мамандар жәрмеңкесіне биыл да 88 кәсіпорынның, мекеме мен ұйымның өкілдері, 1000-нан астам түлектер қатысты.
Университет ректоры физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰИА академигі, ҰҒА корреспондент-мүшесі Н.Темірбеков бұл шараның маңыздылығына тоқталды: - Жыл сайын жәрмеңкеге 70-тен астам кәсіпорын өкілдері жиналса, биыл олардың саны едәуір өсті. Оқу бітіретін жастар да көп жиналды. Біздің мамандарға сұраныс жақсы,-деді.
– Өткен жылы біздің компанияның облыстық филиалы «Востоказгеология» құрылды,-деді «НГП «Қазгеология» АҚ аймақтық филиалының директоры Рауф Ғұбайдуллин. – Бізге мамандар қажет. Оларды ШҚМТУ-дан аламыз. Бізде университеттің көптеген түлектері тамаша еңбектеніп жүр. Биыл да талантты мамандар келетініне сенімдіміз.
Татьяна Колесникова да ШҚМТУ түлегі, қазір ол «Арматура заводы» ЖШС-де сектор меңгерушісі, Татьянаның айтуынша 2000-жылдан бері ШҚМТУ-дың 125 түлегі осы кәсіпорында жұмыс істейді.
– Мұндай шараның пайдасы өте зор. Студенттің жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндік береді, - дейді Т.Колесникова.
Жәрмеңкенің пайдасы туралы студенттер де ой бөлісті. Тау-кен металлургия факультетінің студенті Евгения Скурнягина жастардың қиналмай-ақ қалаған кәсіпорнына жұмысқа баруына болады.
Жәрмеңкеде жұмысқа орналасу жөнінде 30 келісімге қол қойылды, 153 келісім талқылануда, көптеген студенттер кәсіпорындарға әңгімелесуге шақырылды.