p12Университетте дәстүрлі «ШҚМТУ-дың мамандарының жәрмеңкесі» өткізілді. Оған аймақтың, республиканың, сондай-ақ Россия мен Германияның 100-ден астам кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің өкілдері қатысты. Биыл универсиетті 2500 жас маман бітіреді, олар жәрмеңкені жұмыс берушілермен қатынастың алғашқы тәжірибесі деп біледі. Жәрмеңкенің қорытындысы күткендегіден асып түсті. Түлектерді жұмысқа орналастыру жөнінде 300-ге жуық келісімге қол қойылды.