Жыл сайын, ондаған жылдар көлемінде университет қабырғасында «Мамандар жәрмеңкесі» атты бірегей іс-шара ұйымдастырылады, оған біздің түлектерімізге қызығушылық танытқан қала мен облыс кәсіпорындарының басшылары шақырылады. 

Атаулы шара университет үшін де, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін де кезекті іс-шаралардың бірі емес, олардың қызметіндегі маңызды кезең болып табылады.

Тәуелсіздікке қол жеткізген соң біздің еліміз дамудың нарықтық жолына түсіп, онымен нық қадам басып келеді. Нарықтық қатынастар жоғары оқу орындарының қызметіне де еніп отыр.

Бүгінгі таңда университеттің Қазақстан экономикасы үшін мамандар атты «өнімді» дайындайтындығы және даярлаған өнімін жәрмеңкеде ұсынуы айқын фактілердің біріне айналып отыр. Бұл өнімнің әлеуетті тұтынушылары кәсіпорындар болса, нарықтық жағдайға сәйкес бағалайды және өзіне қажетті «өнімді», яғни түлектерді таңдайды.

Заманауи «сатып алушы» - жұмыс беруші терең теориялық білімдерге ғана ие емес, ең бастысы мамандық бойынша практикалық дағдыларға ие, өндіріске бейімделе білу қабілеті бар, белсенді өмірлік позицияны ұстанатын түлектен аталған «өнімдерді» талап етеді.

Бірақ университеттің жоғарыдағыдай сипатталған түлектерді жалғыз дайындау мүмкіндігі жоқ. Кәсіпорындар тарапынан қолдау қажет. Бүгінде мұндай сан салалы қолдауға іс жүзінде қол жеткізілді деп айтуға болады. Мұны төмендегідей фактілер растайды.

Университетте Инновациялық менеджмент кафедрасында Менеджмент және Маркетинг мамандықтары бойынша мамандар дайындалады. Аталған мамандықтардың түлектері жұмыс берушілер тарапынан жоғары қызығушылыққа ие. Бұл фактіге түлектердің дайындығына «Азия Авто» ЖШС, «Бипэк-Авто» ЖШС, «Бұғылар паркі» Катон-Қарағай компаниялар тобы, «Восток-Молоко» ЖШС және т.б. фирмалардың қатысуымен қол жеткізілді. Аталған кәсіпорындармен қарым-қатынас жасау нысандары әр түрлі: кейбір кәсіпорындарда кафедраның өндірістегі филиалдары қызмет етеді, басқалардың жұмыскерлері дәрістер оқиды, мемлекеттік аттестаттау коммисиясының жұмысына қатысады, дипломдық жобаларға жетекшілік етеді, өздерінің кәсіпорындарында практиканы ұйымдастырады және т.б.

Мұның барлығы сұранысы жоғары мамандарды дайындап шығаруға мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған мамандар жәрмеңкесінің нәтижесінде тек Инновациялық менеджмент кафедрасында ғана түлектерді жұмыспен қамту туралы 8 шарт, 6 келісім және түлектердің барлығы дерлік кәсіпорындарға әңгімелесуге шақырылды.

ИМ кафедрасының профессоры, О.Н. Чикунов

  • Темирбеков Н.М., Сайлаубаев С.Ж.
  • Сайлаубаев С.Ж. - «Шығыс сүт» ЖШС бас директоры
  • Варавин Е.В. , Сайлаубаев С.Ж.
  • Токтаров Н.З. - Директор группы компаний «Қатон-Қарағай бұғы паркі»
  • Конурбаева Ж.Т., Сайлаубаев С.Ж.
  • Мажиринов Д.С. - «БТА Банк» АҚ директордың орынбасары
  • Самойлов А.Г. ТОО «Бипэк Авто»