4 сәуірде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да университет ректоратының кеңейтілген отырысында Білім және ғылым Министрі Б.Т.Жұмағұловтың «Біз үшін ең бастысы - білім сапасы» деп аталатын сұхбаты жан-жақты талқыланды.
Тақырып бойынша профессорлық-оқытушылар құрамының және студенттердің алдында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰИА академигі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Темірбеков Нұрлан Мұханұлы, ЖОО-ның проректорлары баяндама жасады.
Талқылауға қатысқандар материалда атап айтылған білім мен ғылымның бүкіл жүйесін жаңғыртуға және білім сапасын онан ары жоғарылатуға бағытталған жаңалықтар төңірегінде әңгіме қозғады. Университет ұжымы сұхбатта айтылған білімнің барлық деңгейіндегі реформаларды қызу қолдап, ұсынылған идеяларды жүзеге асыру жолында жұмыла еңбек етуге әзір екендіктерін білдірді.