Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне Финляндиядан келген KAMK қолданбалы ғылымдар университеті мен «Машинотек» компаниясының делегациясы жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында KAMK университетінің ректоры Матти Сарен, жетекші жоба маманы Анна Тервонен және «Машинотек» компаниясының бас директоры Юха Похьяла Риддер қаласындағы шахтаға барып, кен өндіру үдерістерімен және кәсіпорындағы заманауи технологиялармен танысты.

Сонымен қатар шет елден келген қонақтарымыз ШҚТУ-ға келіп, университет басшылығымен кездесті. Жұмыс барысындағы кездесуде ғылым, цифрлық технологиялар және инновацияларды трансферлеу салаларында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар делегация өкілдері университеттің ғылыми-зерттеу орталықтары мен Құзыреттер орталықтарының жұмыс бағыттарымен таныс біліс болды.

Фин делегациясының өкілдері атап өткендей, университетіміз білім беру және ғылыми-зерттеу бағыттарында халықаралық әріптестік үшін барлық қажетті әлеуетке ие. KAMK университеті мен ШҚТУ арасындағы бұл кездесу – екі ел арасындағы берік ғылыми байланыстарды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.