«Адами капитал – Жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» форумында білім берудің жаңа үрдістері талқылануда. Әрине, заман сұранысына сай білім саласындағы соңғы жаңалықтар, трендтер әңгіменің тақырыбына айналады. Тақырыптың өзегі ғылым мен жоғары білімнің бағыттарын айқындап, жүйелеу болмақ.

Шығыс Қазақстан техникалық университетінің делегациясынан бөлек, декандары және академиялық қызмет жөніндегі департамент мамандары «Оқытудың жаңа кредиттік технологиялары жағдайындағы бағалау жүйесі» тақырыбында онлайн семинарға қатысуда.

Семинар, ауқымды форумның бір бөлігі ретінде жоспарланған.