Бүгін «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ҚР ғылым және жоғары білім форумы басталды. Басқарма төрағасы - Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Сәуле Рахметуллина бастаған бір топ мамандар форумға қатысуда.
Форумды ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Қазақстанның ғылымы мен жоғары білімі»: қайта құру нүктелері» форсайт-сессиямен ашты. Ағылшын тілінен аударғанда «foresight» - көрегендік дегенді білдіреді. Форум барысында жаһандық трендтерге сәйкес заманауи білім берудің негізгі үрдістері қызу талқыланатын болады. Жоғары білім мен ғылым жүйесін дамыту бағыттары айқындалады.
Сонымен қатар, Басқарма мүшелері - проректорлар Жадыра Қоңырбаева мен Наталья Денисова Astana IT University қабырғасында өтіп жатқан семинарларға қатысуда. Форум ертең пленарлық отырыспен жалғасын таппақ.