Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Qyzai әйелдер бастамалары форумы өтті. Аталмыш форум әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлік пен мансап жолында кездесетін мәселелерді шешуге бағытталған.
Іс-шараға Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Жадыра Түсіпханқызы қатысты. Форум барысында қатысушылар өзара танысып, «Стена знакомств» форматында визиткалар мен ұсыныс - сұраныс стикерлерін ілді.
Форум бағдарламасында пленарлық сессиялар, паблик-ток форматындағы пікірталастар, тәжірибелік тренингтер мен шеберлік сабақтары өтті. Көтерілген тақырыптар арасында әйел көшбасшылығы, психологиялық тұрақтылық, қаржылық сауаттылық және жасанды интеллектінің күнделікті өмір мен бизнестегі рөлі болды.