Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 1-ші жатақханасының спорт алаңында өткен футболдан жарыс студенттер арасында ерекше көңіл-күй мен мәртебелі бәсекені туғызды. Бұл шара оқу орнының тәрбие жұмысы мен жастардың денсаулығын нығайтуға арналған үлкен игі бастама ретінде ұйымдастырылды.

Жарысқа 1, 2 және 3-ші жатақханалардың студенттері қатысып, өзара жеңіс үшін тартысты ойын көрсетті. Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • 1 орын – 1-ші жатақхана А блогының студенттері: Абзал Жомарт (23 ЗКК3), Сағындық Арасат (23 ЗКК2), Жақсылық Асланбек (23 ЗКК2) және Махмуджанов Өткірбек (23 ЗКК1). Бұл топ өздерінің жоғары ойын шеберлігін көрсетіп, жеңіс тұғырынан орын алды.
  • 2 орын – 3-ші жатақхана студенттері: Даулетбек Юсуф, Еділхан Энхбаяр, Дәулет Нуртуған, Бердімурат Ақертіс, Маратбек Сапаржан және Төлеубек Қалибек. Бұл студенттер нағыз ержүректік пен командалық рухты көрсетті. Тәрбиешісі – Кеңесжан Мерлат Мейрамбекұлы.
  • 3 орын – 1-ші жатақхана Б блогының студенттері: Шакирбеков Алишер (24 ГТК1), Елмурат Асылмурат (ЗКК3), Нұржан Бейбарыс (ЗКК3) және Адилбек Ануар (24 МКК1) өзара сынға түсіп, үздік үштікті аяқтады. Жарыс барысында ерекше ойын көрсеткен студенттер де атап өтілді: Үздік қақпашы – Сағындық Арасат (23 ЗКК2), Үздік шабуылдаушы – Шанербекұлы Нурдаулет (23 ЛДК-1), Үздік ойыншы – Дәулет Нұртуған. Жарыс аяқталған соң, жеңімпаз студенттер марапатталып, сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен құрметтелді.

Бұл шара жастарға жеңіске деген ынта-жігер мен командалық рухты қалыптастырып, олардың дене шынықтыру және спортқа деген қызығушылықтарын арттырды. Ұйымдастырушы тараптан бұл жарысты өткізуге үлкен үлес қосқан Әлеуметтік және жастар саясатының бөлімінің қызметкерлері: Жақсылыкова Б.С., Тоқсанбай А.А., Абзал Ж. (23 ЗКК3); Сонымен қатар Спорт және денсаулық орталығының мамандары: Бекбосынов С.Т., Қайратбекұлы Т. – оқытушы-жаттықтырушы.

Жарыстың әділ өтетіндігіне кепілдік берген төреші – Қажияқыметов Ә.А. Бұл жарыс жастарды бірлікте болуға, спортқа қызығушылық танытуға және Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өту арқылы халқымыздың ерлік жолын ұлықтауға үлкен мүмкіндік сыйлады.