Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің акт залында ең жарқын және көптен күткен шара - "Бірінші курс таланттары - 2024" гала-концерті өтті.
Үш күнге созылған байқау барысында бірінші курс студенттері вокал, би, юмор және ерекше жанрлар бойынша өз өнерлерін көрсетті. Ең үздік нөмірлер гала-концертке іріктеліп, талантты студенттер беделді марапаттар мен бас жүлде үшін бақ сынады.
Шараның мәртебелі қонақтары қатарында "Kazzinc" компаниясының өкілдері (конкурстың бас демеушісі), университет басшылығы, мектеп декандары және шетелдік қонақтар болды.
Жеңімпаздар:
- Үздік халық әні - "Әдемі қыз", Formation
- Үздік эстрадалық вокал - "Улыбайся", ГОРМЕТ
- Үздік көркемсөз - Мұхтарқызы Венера, FTB
- Үздік аспаптық нөмір - "Brazilian", Formation
- Үздік заманауи би - FTB
- Үздік бейнеролик - "Сыворотка", Formation
- Үздік сюжетпен құрылған би - "Потерянная связь", FTB
- Үздік режиссер - Аянқызы Аяужан
- Үздік ерекше жанр - Қабдылғазы Тимур
- Үздік фольклорлық нөмір - "Адай", ГОРМЕТ
- "Dance-2024" аруы - Пархаева Анастасия, FTB
- Үздік эстрадалық би - "Havana", ГОРМЕТ
- Үздік жүргізуші - Маутбек Тамерлан, FTB
- Үздік жүргізушілер таныстырылымы - Formation
- Үздік КВН командасы - FTB
- Үздік Жайдарман командасы - Formation
- "Талант-2024" аруы - Кузнецова Полина, FTB
- Үздік халық биі - "Беларусь", Formation
- "Талант-2024" серісі - Тұрысбеков Ануар, ГОРМЕТ
- "Dance-2024" серісі - Касенов Акежан, ГОРМЕТ
- Шығармашылық дебют - үш жеңімпаз
- Гран-при - Бас жүлде - Formation
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды "Бірінші курс таланттары - 2024" байқауындағы тамаша өнерлерімен құттықтаймыз! Formation, FTB және ГОРМЕТ шығармашылық ұжымдарына жарқын эмоциялар мен керемет қойылымдары үшін алғыс білдіреміз!
Келесі жылы кездескенше!