Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың DSR халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Элеонора Столярова - Altai облыстық телеарнасының "Жаңа Қазақстан" бағдарламасына қатысты.
Шығарылым ел мен аймақтың дамуындағы әлеуметтанулық зерттеулердің рөліне арналды. Әңгіме барысында демография мәселелеріне және қоғамның өзгеруіндегі басқа да үрдістерге арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция, сондай-ақ конференцияда ұсынылған зерттеулер мен нәтижелер туралы айтылды.
Айта кетейік, DSR халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы қызметкерлері өңірлік БАҚ-пен бұрыннан серіктестік қарым-қатынаста болып, жұртшылықты өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен таныстыруды жалғастырып келеді.