19 қазан күні Республика күні – ұлттық мереке қарсаңында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ШҚОФ ұйымдастыруымен «Bir tolqynda» диалог алаңында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу қонақтары ҚР жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, ШҚО Мәдениет басқармасы сыйлығының лауреаты, «Тіл жанашыры – 2009» төс белгісінің иегері – Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы және қалалық мәслихат депутаты, ақын, драматург – Хуанбай Әскерхан.

2022 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Республика күніне «Ұлттық мереке» мәртебесі қайта берілді. Бұл күн қазақстандықтардың өмірінде маңызды мәнге ие.

Кездесу қонақтары студенттерге тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі болып табылатын қазақ ұлтының, соның ішінде ауылдың рөлінің зор екендігін көрсетіп, еліміздің экономикасы мен мәдениеті, білім мен ғылым салаларындағы елеулі жетістіктер жөнінде сөз етті. Барша қазақстандықтарды келе жатқан Республика күні мерекесімен құттықтап, сүйікті Қазақстанымызға одан әрі табыс пен өркендеу, бейбітшілік пен келісім тіледі!

Атаулы іс-шараны өткізген Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы.