ШҚТУ-да ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Ж. Тоқаевтың сенімді өкілдері ЖОО ұжымымен кездесті.
Спикерлер үміткер ұсынған сайлау алды бағдарламасының елеулі тұстарына тоқталып, жастар саясаты мәселесі туралы баяндама жасады. Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Үгіт-насихат жұмысы аясында елдің әлеуметтік-экономикалық әл ауқатына ықпал ететін жоспарлар мен ойлар ашық айтылды.
Естеріңізге саламыз, Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қараша күні өтеді.
Сайлау нәтижесі Қазақстанның жеті жылдық даму қарқынын айқындайды. Сондықтан әрбір азаматтың дауысы маңызды!