Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы өз түлегі Ғабдуллина Анар Момынғазықызын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Автокөлік жолдары комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтайды.

Барлық іс пен мәселенің жайын шешу жеңілге тиіп, өз қызметіңіздің лайықты маманы болуды және өз қызметіңізге деген сүйіспеншілікке бөленуіңізді тілейміз. Ұжымыңыз ұйымшыл болып, әрдайым сыйластық танытып, жаңа қызметіңізбен бірге өркендей берсін!

Жаңа жетістіктерге, ерліктерге жетуде таусылмас қуат, мұқалмас жігер, сенім және шешімталдық тілейміз!