ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары білімнің қол жетімділігі мен халықтың аз қамтылған топтарынан шығып, елдің халық тығыз қоныстанған өңірлерінен келген жастарға мақсатты гранттар бөлу мәселесін көтерді. Ұлттық лотерея осы бастаманы барынша қолдайды және ҚР жоғары техникалық оқу орындарына 10 білім грантын бөлгені туралы хабарлайды.

Ұлттық лотерея осы бастаманы қолдайды және ҚР өңірлік жоғары техникалық оқу орындарына 10 білім грантын бөлгені туралы хабарлайды және талапкерлерге жоғары білім алу үшін шын жүректен көмектескісі келеді.

ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІНЕ КІМ ЕНЕ АЛАДЫ?

  1. жетім балалар;
  2. мүгедектігі бар балалар;
  3. көпбалалы отбасынан шыққан балалар;
  4. толық емес отбасынан шыққан балалар;
  5. аз қамтылған отбасылардың балалары.
  6. Оқу үлгерімі жоғары болғанына қарамастан, грантқа түсе алмаған (бірақ ең көп балл жинаған) талапкерлер.

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

"Грант иесі неліктен мен болуым керек?" тақырыбында толық ЭССЕ жазып,  оны [email protected] электронды мекенжайына жіберу.

*құжаттарды(мектеп аттестаты, ҰБТ, төлқұжат, жоғарыда көрсетілге үміткерлер тізімінің кез келген тобына жататынын растайтын құжат) міндетті түрде қоса жіберу керек

Абитуриенттерді іріктеу жұмыстары «Сәтті Жұлдыз» АҚ арнайы комиссиясымен жүргізіледі. Таңдау жасалған жағдайда, серіктес жоғарғы оқу орнындағы барлық оқыту курстары толық төленіп береді.

Отбор абитуриентов будет осуществляться специальной комиссией АО «Сәтті Жұлдыз», в случае выбора, абитуриенту будут оплачены все курсы обучения в выбранном ВУЗе-партнере.

Талапкерлерді іріктеуді "Сәтті Жұлдыз" АҚ арнайы комиссиясы жүзеге асырады. Таңдау жасалғаннан кейін, талапкер қалаған серіктес ЖОО-дағы барлық оқу курсында білім алу құны төленеді.

Өтінімді қабылдау 31 шілдеде бітеді.