Ағымдағы жылдың ақпан - сәуір аралығында «Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мамандары ШҚТУ студенттері арасында үш ай көлемінде дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізетін болады.
Жоспарға сәйкес, 4-18 ақпан аралығында барлық мектептер мен Жоғары ІТ колледж студенттері арасында кураторлық сағат форматы аясында 6 кездесу ұйымдастырылып, 300-ден артық студент қамтылды.
Кездесудің мақсаты, студенттердің діни сауаттылығы мен мәдениетін арттыру.
Іс-шара барысында Орталық мамандары студенттерге зайырлы мемлекеттің принциптері мен белгілері, қоғамда деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, радикалды идеологияның ғаламтор кеңістігі мен әлеуметтік желілер арқылы таралуының қауіптілігі, сондай-ақ, елдегі діни ахуал жөнінде ақпараттар берді. Мамандар аудиторияда сенімді қатынас орната отырып, жастар арасында ақпарат ағымының көптігінен діни жат ағымдардың кері әсері жөнінде жүйелі білімнің аздығы байқалды. Осыған байланысты, спикерлер, діни білімді ғаламтордан емес, қажет болған жағдайда ақпаратты дін саласындағы мамандардан, яғни сенімді дереккөздерден алуға кеңес берді, сондай-ақ, Дін мәселелерін зерттеу орталығының сенім телефоны туралы (8 7232 70 56 56) хабардар етті.
Іс-шара соңында студенттерге ақпараттық материалдар таратылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.