2025 жылдың 18 ақпанында Қазақстандағы және оған іргелес аумақтардағы этнодемографиялық үдерістерді зерттеуге арналған «XXIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының» қорытындысы бойынша ғылыми еңбектер жинағы жарық көрді. Бұл жинақ Қазақстан, Ресей, Қырғызстанның әлеуметтік ғылымдар саласындағы (демография, тарих, әлеуметтану және басқа да зерттеу салалары) белгілі мамандарының 40-тан астам мақалаларын және жас ғалымдардың еңбектерін қамтиды.

Конференцияның материалдары этнодемографиялық үдерістердің, халықтың құрылымы мен әлеуметтік өзгерістердің, тарихи және мәдени дамудың Қазақстан және оған іргелес аймақтардағы ерекшеліктерін терең зерттеуге бағытталған. Жинақта ұсынылған мақалаларда демографиялық өсім, миграциялық үдерістер, халықтың әлеуметтік жағдайы мен оның дамуы туралы жан-жақты талдау жасалған. Сонымен қатар, этникалық топтардың араласуы, мәдени алмасу, және әлеуметтік құрылымдағы өзгерістер туралы да бірқатар маңызды ғылыми көзқарастар ұсынылған.

Конференция жинағын дайындау жұмысына «DSR» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері: Н. Л. Краснобаева, Ж.С.Әубәкірова, А.Н. Алексеенко атсалысты. Орталықтың ғалымдары ғылыми материалдарды терең зерттеп, талдау жасап, жинақтаған еңбектерді белгілі бір жүйеге келтіріп, ғылыми ортаға ұсынды. Жинақтың электрондық нұсқасы орталықтың ресми сайтында жарияланған және PDF форматында жүктеп алуға болады.

Бұл жинақ студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, мемлекеттік қызметкерлерге және ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдеріне маңызды және қызықты болады. Әсіресе этнодемографиялық үдерістерге қызығушылық танытатын зерттеушілер үшін бұл материалдар баға жетпес дерек көзі болары сөзсіз.

Ғылыми еңбектер жинағының жариялануы, осы саладағы зерттеулердің дамуында жаңа бағыттар ашып, халықаралық ғылыми қоғамдастықтың бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға үлкен үлес қосады.

ХЗО «DSR»