Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында ZOOM платформасы арқылы университеттерде RTDS және PSCAD симуляторларын қолдану тәжірибесіне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға университеттің 50-ден астам студенті, магистранттары мен оқытушылары, сонымен қатар, "Мәскеу энергетикалық институты" Ұлттық зерттеу университеті, Қазан мемлекеттік энергетикалық университеті, Жаңа Сібір мемлекеттік техникалық университеті сияқты әріптес жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелдің ерекше атап өтетіні бүкіл әлемдегі ірі энергия компаниялары үшін электр жабдықтарын зерттеу, диагностикалау және сынау, сонымен қатар жаңа буын энергетиктерін даярлаудың сандық құралдарын жасаушы, өндіруші және жеткізуші болып табылатын "ЭнЛаб" жақ шетелдік кәсіпорны өкілдерінің қатысуы болды. Кәсіпорынның өзгешелігі көптеген университеттермен тығыз қарым-қатынас орнату, студенттер, магистранттар, докторанттар үшін арнайы байқаулар арқылы дарынды жастарды қолдау және дамыту болып табылады.

Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде ғылыми-зерттеу қызметі және цифрландыру жөніндегі проректор Наталья Денисова болды.

"ЭнЛАБ" ЖАҚ бас директоры Михаил Шамис "Университеттердегі оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін RTDS және PSCAD энергожүйесі симуляторларын пайдалану" тақырыбында академиялық мақсатта баяндама жасады.

"МЭИ" ҒЗУ энергия жүйелерін релелік қорғау және автоматтандыру кафедрасының меңгерушісі Александр Волошин өз баяндамасында "МЭИ" ҒЗУ университетінде PSCAD және RTDS симуляторларын қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Екі презентация да дөңгелек үстелге қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды, олар студенттер, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері, цифрлік энергетика, релелік қорғаныс және автоматика, киберқауіпсіздік, энергия жүйелерінің мінез-құлқын жаңа сапалы деңгейде модельдеу және болжау мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін PSCAD және RTDS симуляторларын пайдалану барысында алынған ғылыми-қолданбалы нәтижелердің ғылыми жарияланымдарының сапасын арттыру туралы сұрақтар қойды.