ШҚТУ-да «Инженерлік білім көшбасшылары» жобасы сәтті жүзеге асуда. Оның аясында «Алтын белгі» иегерлері, бүгінгі таңда бірінші курс студенттері оқуларымен қатар қосымша IT құзыреттілік, көшбасшылық дағдыларды меңгеріп, ағылшын тілін үйренуде.
Жоба артықшылықтары өте көп. Қатысушылар халықаралық конкурстар мен тағылымдамаларға қатысуға мүмкіндік алады. Ірі кәсіпорындар базасында өндірістік практикадан өтіп, қосымша стипендия иегері атана алады. Инновациялық жобаларды қаржылық және консультациялық қолдауға ие болып, кепілдендірілген жұмысқа орналасады.
Бүгін ШҚТУ-дың академиялық қызмет жөніндегі проректоры Жадыра Қонурбаева «Инженерлік білім көшбасшылары» жобасының алқашқы қатысушыларымен кездесіп, қуанышты жаңалық жеткізді. Қазмырыш компаниясы 5 білім алушыға стипендия тағайындады. Олар: ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан Шынар Асқарова, стандарттау және сертификаттау мамандығын меңгеріп жатқан Алида Ерсаинова, логистика бойынша оқып жатқан Диас Нағыбаев пен Аружан Төлегенова, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасының бірінші курс студенті Қымбат Мырзағалиева.
Стипендия 25 мыңды құрайды. Бірінші өндірістік практикадан кейін жетекшілерінің оң пікірлері болған жағдайда стипендия көтерілу мүмкін. Университет бітірген соң «Инженерлік білім көшбасшылары» жобасының қатысушалары, аталған кәсіпорында 3 жыл көлемінде жұмыс істеп, мемлекеттік грантты және қосымша тағайындалған стипендияны өтей алады.