2017 жылдың 15 қарашасында Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ колонналы залында Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне және Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың 60-жылдығына арналған «Шекараға шеткес аймақтардың өзара іс-қимылдарының экономикалық аспектілері: Ресей мен Қазақстан» атты халықаралық дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға Алтай мемлекеттік университетінің (Барнаул қ., Ресей), Өскемен қ. ЕБ «Сбербанк» АҚ филиалының өкілдері, шетелдік ғалымдар - э.ғ.д., профессор Р.А. Костырко,. э.ғ.к., доцент Н.Н. Королева, бизнес және кәсіпкерлік мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері мен магистранттары қатысты.
Дөңгелек үстел отырысында әлеуметтің инвестициялық сауаттылық деңгейін арттырудағы мемлекетаралық байланыс мәселелері, трансшекаралық коммерциялық экожүйелерді құру, Достастық шеңберінде шекараға шектес мемлекеттер арасындағы байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. ЕБ «Сбербанк» АҚ өкілдері «ЕБ Сбербанк» АҚ-да қалай мансапқа жетуге болады?" тақырыбында қонақ дәрісін оқыды.