Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Ғылыми кітапхана және қоғамдық ҚХА кафедрасының ұйымдастыруымен «Н. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы саналы азаматтың көзімен» атты эссе байқауын нәтижелері жарияланды.

Конкурс студенттер мен жастардың болашақ кәсіби қызметтері, рухани даму жайында көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ олардың өзін-өзі танытуы және ғылыми-зерттеу жүргізу қабілеттерін дамыту үшін қолайлы ортаны құруға бағытталған.

Байқауға университетіміздің 1 және 2 курстарынан 12 студен қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар иеленген студенттер сертификаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздар тізімі келесідей:

  • 1 орын - Аяжан Серіктаева, 1 курс студенті, 17-МКК-1 тобы
  • 2 орын - Ирина Родионова, 1 курс, 17-БЖ-1 тобы
  • 3 орын - Ануар Тюлюбаев, 2 курс студенті, 16-ГД-1 тобы

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және білім алу жолында сәттілік тілейміз!