Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 жылғы 26 наурыздағы №14-0/1324-ВН хатына сәйкес, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Республикалық ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы байқауының ІІ кезеңін келесі білім беру бағдарламалары бойынша өткізуге базалық жоғары оқу орны ретінде белгіленді: 6B06103 – «Математикалық және компьютерлік модельдеу», 7М06103 – «Математикалық және компьютерлік модельдеу».
2025 жылғы 8 мамырда байқау комиссияларының отырыстары өтіп, келесі қорытындылар шығарылды:
6B06103 – «Математикалық және компьютерлік модельдеу» білім беру бағдарламасы бойынша:
І дәрежелі дипломмен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 4 курс студенті Бидахметов Диас Жандосұлы марапатталды (Ғылыми жетекшісі - Увалиева И.М. PhD, профессор).
ІІ дәрежелі дипломмен екі жұмыс марапатталды:
- Astana IT University студенті Осенов Сержан Ерланович (Ғылыми жетекшісі – Жалғас А.Б., магистр, сеньор-лектор);
- Қазақ-Британ техникалық университетінің студенттері Жайлыбаев Райым Ержанұлы және Юн Станислав Леонидович (Ғылыми жетекшісі – Исахов А.А., PhD, профессор).
ІІІ дәрежелі дипломмен үш жұмыс марапатталды:
- Astana IT University студенті Хамидулла Алихан Болатович (Ғылыми жетекшісі – Рахимжанова А., PhD, ассистент-профессор);
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Мәжитов Досымжан Оразұлы (Ғылыми жетекшісі – Абденова Г.А. т.ғ.к.);
- Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Әріп Арайлым Бахтиярқызы (Ғылыми жетекшілері: Муратхан Р., PhD, қауымдастырылған профессор, Хабидолда Ө., PhD, қауымдастырылған профессор).
7М06103 – «Математикалық және компьютерлік модельдеу» білім беру бағдарламасы бойынша:
І дәрежелі дипломменәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты Танашова Мөлдір Есенәлиқызы марапатталды (Ғылыми жетекшісі – Темірбеков Н.М., ф.-м.ғ.д., профессор).
ІІ дәрежелі дипломмен екі жұмыс марапатталды:
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің магистранты Тоқтарбаева Айман Болатқызы (Ғылыми жетекшісі – Увалиева И.М., PhD, профессор);
- Astana IT University магистранты Балабаев Жанибек Ескабылович (Ғылыми жетекшісі – Белощицкая С.В., т.ғ.д., профессор).
ІІІ дәрежелі дипломмен үш жұмыс марапатталды:
- Astana IT University магистранттары Сеитова Айгерим Сериковна және Имашева Аружан Сагидуллаевна (Ғылыми жетекшісі – Абдикенов Б., PhD, AI ҒЗО директоры);
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты Джантасова Малика Мадиярқызы (Ғылыми жетекшісі – Хадижиева Л.А., ф.-м.ғ.д., профессор);
- Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің магистранты Дильдабаева Акерке Азаматкызы (Ғылыми жетекшісі – Алпар С.Д., PhD, қауымдастырылған профессор).