2025 жылғы 22 сәуірде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ 2025–2026 оқу жылына арналған «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында студенттерді шетелдік ЖОО жіберу үшін кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Кездесу барысында тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамында болған қатысушылар: Плотникова Светлана Николаевна – «Kazzinc» ЖШС Еңбек ресурстары басқармасы басшысының орынбасары, Золотавина Нурия Мухамедсадыковна – «Опытное хозяйство масличных культур» ЖШС директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, Адылхан Асет Бердыгалиулы – «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы.

ШҚТУ тарапынан комиссия мүшелері:

  • Машекенова Асия Хасеновна – Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор;
  • Сарсембаева Арайлы Алибековна – Басқарма мүшесі – Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор;
  • Хасенова Зарина Толеубековна – Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі деканы;
  • Закимова Альфия Манарбековна – Бизнес мектебі деканы;
  • Рахымбердина Маржан Есенбековна – Жер туралы ғылымдар мектебі деканы;
  • Ақаев Айбек Мұратбекұлы – Сәулет құрылыс және энергетика мектебі деканы;
  • Табиева Еркежан Еркінбекқызы – Академиялық қызмет департаменті басшысы;
  • Жайжатырова Меруерт Сабыровна – Тіркеуші офис басшысы;
  • Жаксылыкова Бейбитгуль Сейткасымовна – Әлеуметтік және жастар саясаты департаменті басшысы;
  • Каматаев Айдос Ержанұлы – Халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының міндетін атқарушы;
  • Советхан Инабат Серікқызы – Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас маманы.

Студенттер іріктеуден конкурстық негізде өтті. Конкурсқа түрлі білім беру бағдарламаларынан 24 студент қатысты.

Білім беру бағыттары бойынша ағылшын тілі деңгейі, оқу үлгерімі, халықаралық және республикалық деңгейдегі марапаттардың болуы, университет өміріне белсенді араласуы, сондай-ақ 2008 жылғы 19 қарашадағы №613 бұйрығына сәйкес шетелде оқуға, соның ішінде академиялық ұтқырлық аясында оқуға жіберу ережелеріне сай іріктеу критерийлері ескерілді.

Нәтижесінде 17 студент негізгі тізімге, ал 7 студент резервтік тізімге енгізілді.

Төменде тізіммен танысуға болады.

Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Оқуда табыс, жаңа жетістіктер мен ашық көкжиек тілейміз!

  Негізгі тізім