Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына биыл 80 жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды.

Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!

Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін ШҚТУ ұжымы атынан және өз атымнан бас иіп алғыс білдіреміз!

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз!

ШҚТУ басқарма төрағасы - ректор
Рахметуллина Сауле Жәдігерқызы