2025 жылғы 9 мамырда Жеңіс саябағында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер мен қаһармандардың мемориалдық кешеніне гүл қоюға арналған салтанатты шара өтті. Бұл акция Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналды.

Салтанатты рәсімге Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің басшылығы – ректор Рахметуллина С.Ж., академиялық мәселелер жөніндегі проректор Машекенова А.Х., сондай-ақ университеттің әскери кафедрасының өкілдері – әскери кафедра бастығы полковник Манцуров О.А., оның орынбасары полковник Глубранов Э.Н., БП МП циклының бастығы Эшонқұлов Б.Х., подполковник Омаров Б.А., майор Қарымсақов Б. және әскери кафедраның студенттері қатысты.

Гүл шоғын қою – ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге деген мәңгілік тағзымның, құрмет пен алғыстың белгісі. Мұндай шаралар әскери кафедрада жүргізілетін тәрбие жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Олар студенттерге патриоттық тәрбие беруге, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.

Сол күні Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасының оқытушылары мен студенттері Сол жағалаудағы музей кешенінде өткен патриоттық іс-шараға белсене қатысты. Экспозициялық алаң аясында олар қала тұрғындары мен қонақтарына Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі әскери техниканы таныстырып, оның тарихы, техникалық сипаттамалары мен соғыс жылдарындағы маңызы жөнінде мағлұмат берді.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры, қызметкерлері мен студенттері Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты.

Университет қауымдастығы үшін шығысқазақстандық батырларды еске алу мақсатында гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысу – игі дәстүрге айналған.

Бұл – тек өткенге тағзым ғана емес, бұл – бүкіл қазақстандық халықтың болашақ ұрпақ үшін өмір мен бостандықты қорғап қалған аталары мен бабаларына деген шексіз алғысы.

Майдан мен тыл ардагерлерінің ерлігі – әрдайым жүрегімізде!