Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жер туралы ғылымдар мектебінде «Геология жіне пайдалы қазба кен орындарын барлау» білім беру бағдарламасы бойынша ЖОО студенттері арасындағы жыл сайынғы Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті. Қатысушылар төрт жоғары оқу орнынан болды:
- «Каспий қоғамдық университеті» КЕАҚ;
- «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КЕАҚ (ҚазҰЗТУ, Satbayev University);
- «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ;
- «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ.
Олимпиада екі турдан тұрды: практикалық және теориялық.
Теориялық турда құрылымдық геология мен пайдалы қазбалар кенорындарының геологиясы бойынша тест тапсырмалары шешілді. Практикалық тур кезінде қатысушылар шектеулі уақыт ішінде тау жыныстары мен минералдардың коллекцияларын сипаттады.
Конкурс комиссиясының талқылау нәтижелері бойынша марапаттар мынадай түрде берілді:
Диплом I дәрежесі |
|
Диплом II дәрежесі |
|
|
|
Диплом III дәрежесі |
|
|
|
|
|
Олимпиада жеңімпаздарына демеушілік сыйлықтарды Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ PhD докторантурасының түлегі, «Green Solutions Associates» ЖШС директоры Ерлек Сүйекпаев табыстады. Бұл бастама дарынды жастарды қолдауға және Жер туралы ғылымдарға қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Дипломдарды Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Конурбаева Жадыра Тусупкановна табыс етті.
Шараны қорытындылай келе, білім беру бағдарламасының жетекшісі Айтбаева Салтанат Сабидоллаевна олимпиаданың болашақ геологтардың білім алмасуы мен кәсіби өсуі үшін тиімді алаң болғанын атап өтті.
Марапаттау рәсімінен кейін олимпиада қатысушылары мен жетекшілері үшін «Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау» ББ оқытушы-профессорлық құрамымен университетінің «Алтын Алтай» мұражайына экскурсия ұйымдастырды.