Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-де Қазақстан Республикасы күні аясында гуманитарлық білім беру факультетінің «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы мен «Шетел тілдері» кафедрасы 2022 жылдың 8-15 қазан аралығында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында университеттік эссе байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты: жастардың азаматтық санасын дамыту, ел тағдыры мен болашағына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. Университетіміздің 1-3 курс студенттері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде барлығы 26 жұмыс тапсырды.

Байқау нәтижесінде келесі оқушылар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

  • 1 орын - Хажайв Кумис, 19-МКК-1 тобының студенті (жетекшісі Еcімжанова Г.Т)
  • 2 орын - Борозенец Давид, 21-МК-1 тобының студенті (жетекшісі Семенова С.Д.)
  • 3 орын - Рапотина Дарья, 22-БЭ-1 тобының студенті (жетекшісі Жаксылыкова Б.С.)

Эссе комиссиясының шешімімен 19-МК-1 тобының студенті Хажайв Кумис студенттік жұмыстардың Республикалық конкурсына қатысу үшін жоғары білім және ғылым министрлігіне жіберіледі. Біздің Кумиске сәттілік пен конкурста жеңіс тілейміз!