Қазақстандағы отбасы институттарын зерттеудің жаңа тәсілдері 28 қазанда «Қазақстандағы отбасы институттарын зерттеудің жаңа тәсілдері» тақырыбында ғылыми-әдіснамалық семинар өтті. Семинар урбанизация жағдайындағы отбасының трансформациялық үдерістерін талдау үшін әртүрлі әлеуметтанулық әдістер мен құралдарды қолдануға арналды. Мәселелер жалпы Қазақстандағы өзгерістер деңгейінде (өңірлік айырмашылықтарға баса назар аудара отырып), сондай-ақ нақты Семей қаласы деңгейінде қарастырылды.

Семинарда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Столярова Элеонора Олеговна (Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы) – «Қазақстандық отбасындағы бала туу: мүмкіндіктер мен ниеттер»; Семей қаласының Шәкәрім университетінің PhD докторы Махметова Надира Аманжолқызы (Семей қаласы, Қазақстан Республикасы) – «Урбанизация жағдайындағы қазақстандық отбасының трансформациясы: әлеуметтік және мәдени өзгерістер (Семей қаласы мысалында)»; «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Отбасы саясаты бөлімінің басшысы, PhD Иманқұл Ақнұр Бексұлтанқызы (Астана қаласы, Қазақстан Республикасы) – «Демографиялық өзгерістер жағдайында Қазақстан отбасының дәстүрлі ұстанымдары мен жаңа өмірлік стратегияларының тоғысуы» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Іс-шараның онлайн-вебинар форматында өткізілуі оған Астана және Семей қалаларындағы әріптестердің қатысуына мүмкіндік берді. Тыңдалған баяндамалардың қорытындысы бойынша белсенді пікірталас өрбіді. Көтерілген мәселелердің өзектілігі күмән тудырмайды және алдағы уақытта пікір алмасу мен ғылыми консультацияларды жалғастыруды көздейді.

Семинар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру жобасы аясында, АР26198919 «Қазақстандық отбасы қоғамдық қатынастар жүйесінде: жаңғырту жағдайындағы институттараралық өзара іс-қимылдың әлеуеті мен мәселелері» тақырыбы бойынша ұйымдастырылды.

Рождаемость в казахстанской семье: возможности и намерения (по результатам социологического исследования)

«DSR» ХҰЗО