Елімізде Наурыз мейрамын жыл сайын он күн бойы - 14-23 наурыз аралығында тойланады. Бұл онкүндік «Наурызнама» деп аталады. «Наурызнама» онкүндігі Наурыз мейрамының мән-мағынасы мен мазмұнын байытып, түрлі мәдени және дәстүрлі іс-шараларды қамтиды. Бүгін «Қайырымдылық» күні.

Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды екені рас.