Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Наурыз» ұлттық мерекесі қарсаңында мерекелік іс-шара өтті. Тілдер құзыреттілік орталығының оқытушысы Е.Е. Горбань ағылшын тілі үйірмесі және 23-МК-1 және 23-МКК-1 тобының студенттерімен бірлесе отырып, осы айтулы оқиғаға арналған жарқын және есте қаларлық іс-шара ұйымдастырды.

Арнайы қонақ ретінде АҚШ оқытушысы, Фулбрайт стипендиаты - Колин Ламфиер болды. Мереке аясында студенттер қазақтың ұлттық киімдерін көрсетіп, би билеп, ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлерді көрсетті. Студенттер қуаныш пен мерекелік көңіл-күйді бейнелейтін «Наурыз - думан» әнін де шырқады.

Колин мырза қазақтың ұлттық тағамынан дәм татты, домбыра тартып, тіпті «Қара жорға» биін биледі. Шақырғанына ризашылығын білдіріп, баршаға жаңа жылда сәттілік тіледі.

Шараға жиналғандар қуанышқа бөленіп, керемет көңіл-күй сыйлады. Студенттерге мәдени мұраның қайта жаңғыруына ықпалын тигізіп қана қоймай, әр ел өкілдерінің достық қарым-қатынасын нығайтуға көмектесті. Бұл көктемгі күн мен түннің теңелуін тойлап, баршаға бақыт, денсаулық және бақ-береке тілейтін тамаша шара болды.

  Барлық фото