2024 жылдың 25 сәуірінде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да геолог ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай "Kaz Minerals Management" ЖШС және «Востокцветмет» ЖШС оқу орынына «Kanysh Satbayev. Strenght & ability for people» атты 28 кітап сыйлады.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - кеңестік академик, геолог, ғылымды ұйымдастырушы және қоғам қайраткері, кеңестік металлогения ғылымының негізін салушылардың бірі, қазақ металлогения мектебінің негізін салушы. Ғылым академиясының тұңғыш президенті, геология ғылымдары институтының директоры. Қазақ ғылымының дамуына орасан зор үлес қосқан ғалым 800-ге жуық ғылыми мақала жариялады. Сан қырлы адам ғылымға ғана емес, музыкаға, өнерге, әдебиетке де қызығатын. Қаныш Сәтбаев өз заманының ең ұлы ойшылы, қоғамның көшбасшысы болды.
Қазақ ғылымына және нағыз ғалым, патриот Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың шығармашылығына қызығатын студенттер оқу залында кітаппен толыққанды таныса алады.
Қонақтар барлық оқытушылар мен студенттерді Ғылым күнімен құттықтап, ғылыми-зерттеу жұмыстарына зор табыс тіледі!