Ел басына күн туғанда көмек қолын созу, әрқайсымыздың парызы болып табылады. Жақсылық жасау, бір-бірімізге қолдан келгенше көмек беру, бір жұдырықтай жұмылу - халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық Университетінің шығармашылық ұйымдарының @FTB @Gormet @Fvckin белсенді жастары бірігіп, қайырымдылық концертін ұйымдастыру арқылы одан жиналған қаражатты, еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жіберу ниетін білдіріп отыр.

Бұл жай ғана концерт емес, біздің ортақ күшіміз бен бірлігіміздің символы. Бұл - ең қиын кезеңде де күшімізді жұмылдырып, кез келген қиындықты еңсере алатынымыздың нышаны. «Есептесіп ел болмас» дейді ғой. Сондықтан, қоғамда күнделікті айналысып жүрген істерімізбен де, қолдан келгенше көмек беруге тырысайық. Шын жүректен, таза пейілмен жасалған әр әрекет - адамгершіліктің белгісі!

Сол себептен, игі іске үлес қосқысы келетін және шығармашылықты сүйетін әрбір жанды:

  • 6 мамыр 17:30-да ШҚТУ Акт Залында

Күтеміз!

Билеттер жақын арада сатылымға шығады. Толық ақпаратты жариялайтын боламыз.